Жеңіл атлеттер Белградқа аттанды
Жеңіл атлеттер Белградқа аттанды
2022 жылдың 18-20 наурызы аралығында Белград қаласында (Сербия) жабық ғимаратта жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысады. «Алдағы әлем чемпионатына қатысатын барлық спортшылар оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Соңғы екі айда ел ішінде жарыстар өтіп, олардың көрсеткіштерін, техникасын және физикалық көрсеткіштерін жақсартуға практикалық мүмкіндік берді. Төрт спортшы әлемдік бәсекеде қатысуға мүмкіндік алды. Олар: Ольга Сафронова (60 метрге жүгіру), Давид Ефремов (60 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Михаил Литвин (400 метрге жүгіру) және Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру). Дегенмен Ольга Сафроновадан басқа барлығы чемпионатта бақ сынайды. Ол бапкелер шешімімен жазғы жарыс маусымына, атап айтқанда Азия ойындары мен Орегондағы әлем чемпионатына қатысу үшін дайындығын пысықтайды», – деді бас бапкер Дмитрий Карпов.

Әбілмансұр ЖАСАН