Партия Президент Жолдауына орай мәлімдеме жасады
Партия Президент Жолдауына орай мәлімдеме жасады
232
оқылды
Еліміз дамудың жаңа кезеңі – Жаңа Қазақ­станға аяқ басты. Бұл біздің сан ғасырлық те­рең тарихымыздағы бет­бұрысты және тағ­дырлы сәт. Бүгінде әлем күрделі де қауіпті ке­­зеңді бастан кешіруде. Қарулану мен жаһан­дық азық-түлік дағдарысының қаупі ар­тып келеді, жанжалдар күшейіп, әскери қақ­тығыс­тар туындап жатыр, ауқымды санкция­лар ен­гі­зілуде, климат өзгеріп, коронавирус панде­миясы жалғасып келеді. Бұл жаһандық тенденциялар Қа­зақ­станның жүйелі проблемаларын анық көрсетті. Мұндай жағдайда сын­дарлы өзгерістер мен эволюция­лық жаңғыру ғана қиындықтарды еңсеріп, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. 2022 жылғы қаңтар қасіретін бас­тан кешірген Қазақстан халқы жұ­мыл­ған жұдырықтай бірігіп, радика­лизм мен экстремизмге қарсы тұрды, прогресс пен игі өзгерістердің жал­ға­сын табуын қалады. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кіріскен сәттен бері елде жүйелі реформаларды кезең-кезеңі­мен жүргізіп келеді. Қазірдің өзінде мемлекет пен қоғамның барлық сала­ларын қамтитын кешенді реформалар жүзеге асырылды. Ел мен халық алдында тарихи жауапкершілік алған Президент Қа­зақстан халқына Жолдауын жариялап, елімізді саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда реформалауды терең­детуге бағытталған ауқымды ре­­формалар жоспарын ұсынды. АMАNАТ партиясы Қазақстан Президентінің жүйелі және кең ау­қымды реформаларын толығымен қолдайды. Мемлекет басшысының реформаторлық бағытының аясында АМАNАТ партиясы өзгерістерді өзі­нен бастап, ішкі трансформацияны қолға алды. Біз реформалар бағытына балама жоқ екеніне сенімдіміз. Саяси либе­рали­зация және әлеуметтік әділетті­лік – бұл азаматтардың өтініштеріне дер кезінде берілген жауап. Біз барша қазақстандықтарды бір­лік пен ынтымаққа, барлық қоғам­дық-саяси күштерді топтасуға шақырамыз. Біз барлық күш-жігеріміз бен қуатымызды Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға бағыттауға дайынбыз. Біздің бірлігіміз нығайғанда ғана Тәуелсіздік пен Мемлекеттілікті берік етеміз, ортақ Отанымыз бен  барлық азаматтардың әл-ауқатын арттыра аламыз!