Павлодар тұрғыны Елена Юрченко Нұр-Сұлтанға пойызбен барған сапарын ұмытар емес. Арбаға таңылған І топтағы мүмкүндігі шектеулі жан теміржолдың қызметіне шағымданып, қолайсыздық танытқаны үшін 5 миллион теңге талап еткен.
Айтуынша, өткен жылдың мамыр айында Павлодардан Нұр-Сұлтанға және қайтарға билетті арнайы мүгедектерге арналған вагонға алған. Алайда олар арбаға танылғандарға арналып арнайы көтергіштермен жабдықталмаған екен. Тіпті, оның вагонға кіріп-шығуына сол жердегі жолаушылар көмектескен. Өйткені мүмкіндігі шектеулі жандарға пойызда жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалмаған. Сол үшін ол «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на және пракуратураға шағымданған. – Қызметкерлер болса, вагонның ескілігіне сылтауратып, ештеңе істей алмайтынын айтты. Алайда мен мүмкіндігі шектеулі жанға арналған вагоннан екі билет арнайы алғанмын. Қасымдағы сіңілімнің орны көрші купеде болатын. Бірақ оны келесі вагонға отырғызды. Мүгедектерге арналған тежеуіштің болмауынан жолаушылар жабылып, вагонға көтеріп-түсірген, – дейді ол. Айтуынша, қайтар жолы да осылай болған. Тіпті, вагонның есклігі соншалық есігі жабылмай, кондиционері де істемеген. Желдетіп, терезені ашып алуға да мүмкіндік болмаған. Қазір тексеру барысында заң бұзушылықтары расталған соң, әйел сотқа жүгінді. Оның талап-арызын қараған Павлодар қалалық соты, осы жылдың қаңтар айында іс жауапкердің тұрған жердегі Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотына жіберілді. 14 наурызда сот тасымалдаушы компанияны павлодарлық әйелге 200 мың теңге өтемақы төлеуіне міндеттеді. Сонымен қатар сот сотталушыға заң бұзушылық фактісі бойынша жеке ұйғарым шығарды. https://www.youtube.com/watch?v=qAijX-oaE6s