Жапонияда жойқын жер сілкінісінен 120-дан аса адам зардап шегіп, қаза тапқандар да бар
Жапонияда жойқын жер сілкінісінен 120-дан аса адам зардап шегіп, қаза тапқандар да бар
©tengrinews.kz

Жапонияның солтүстік-шығысында түнгі сағат 23.30-да жер сілкінді. Зілзала қуаты 7,3 балға жеткен. Оқиға Фукусима префектурасына жақын Тынық мұхитында 57 шақырым тереңдігінде болған.

Табиғи апат салдарынан 126 адам зардап шегіп, екеуі көз жұмды. 2 миллион 200 мыңнан аса үй жарықсыз қалды. Оның 700-і ел астанасы Токиода. Сонымен қатар 4 мыңға жуық тұрғын үй сусыз қалды. Елдің Метеорологиялық агенттігі «цунами қаупі төніп тұр» деп, тұрғындарға жағаға жақын бармауды ескертті. Өйткені алғашқы жер сілкінісінен кейін зілзала тағы 2-3 күн қайталануы мүмкін. Сол себепті тұрғындардан келесі аптаға дейін аса сақ болуды сұрады. Мамандар әдетте 20 сантиметрден аспайтын толқындардың биіктігі 1 метрге жеткенін айтады.