Шымкенттегі ХҚО-да адамдар кезекке таласып, қоршаудан секіріп өтіп жатыр
Шымкенттегі ХҚО-да адамдар кезекке таласып, қоршаудан секіріп өтіп жатыр
Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы автоХҚО алдында жастардың кезекке таласып жатқаны туралы видео тарады. Онда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруға келген жастардың қақпадан өтуге таласып жатқанын көруге болады. Тіпті, кейбірі биік қоршаудан секіріп өтіп, мекемеге кіру үшін жанталаса жүгіруде. Бұл жағдайға қатысты «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы ресми мәлімдеме жасады.
«Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы N1 мамандандырылған ХҚО-да С1 (жүк газель) санаты бойынша практикалық жүргізуші емтиханын тапсырғысы келетіндердің саны көп. Бұл категория бойынша құжат алуға ниетті азаматтар санының күрт өсуі қаладағы екі автодромның бірінде техникалық жөндеу жұмыстарының жүргізілуі себеп болды» - делінген хабарламада.
Ресми жауапта айтылғандай, видеодағы жағдай бойынша ешқандай құқықбұзушылық тіркелмеген. Сондай-ақ мүлікке ешқандай зиян келмеген.