«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне түйткілді мәселелеріне қатысты көмек сұрап және ақыл-кеңес алу үшін келетіндер аз емес. Сол арқылы әлеуметтік көмекке зәру отбасыларға көмек қолын созып, ел ішіндегі мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын жаңғыртып жатырмыз деп ойлаймын. Бұл игі мәселелер әрине, облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарының көмегімен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар жергілікті атқарушы билік органдары арқылы да оң шешімін тауып жатқан мәселелер баршылық. Олардың барлығы партиялық бақылаудың арқасында жүзеге асырылып отыр десек артық айтқандық болмас.
Жыл басынан бері Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 1254 адам жүгінді. Арызданушылардың көтерген мәселелерінің 58,7%-ы оң шешімін тапты, 37%-ы бойынша түсініктемелер берілді, 4%-ы орындалу үстінде. "Халыққа көмек" партиялық жобасы аясында заңгерлер, медиаторлар және нотариустар 41 қабылдау өткізіп, 86 азаматқа консультативтік көмек көрсетті.
Мәселен, «AMANAT» партиясының Көкшетау қалалық филиалының қоғамдық бөлмесі арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматқа арналып, көпқабатты үйдің кіреберіс баспалдағына пандус орнатылды. Игі мәселе қалалық мәслихат депутаттары Рустем Калишев пен Мариям Әбішеваның қолдауымен шешілді. Халық қалаулылары мүмкіндігі шектеулі азаматтың еш кедергісіз жүріп-тұруы үшін қолдан келген көмектерін көрсетіп, пандус орнатуға қажетті материалдарды сатып алды. Ал, Көкшетау қаласының жоғарғы техникалық колледжі пандусты жасап орнатып берді.
Партияның Бұланды аумақтық филиалының қоғамдық бөлмесімен Макинск қаласының тұрғыны Л. Крамерге 25 жыл бойы тұрып жатқан пәтерді меншік құқығына алу бойынша жәрдем көрсетілді. Аталған пәтерді қала әкімдігі 1995 жылы Л. Крамерге ұсынған болатын. Пәтердің бұрыңғы иесі Ресей Федерациясына көшіп кеткендігіне байланысты жеке меншікке аудару мүмкіндігі жоқ болатын. Қабылдау бөлмесінің қолдауымен облыстың Әділет департаменті арызданушыға пәтерге жеке меншік құқығын тану бойынша сотқа талапарыз жазу жөнінде тегін заңгерлік көмек ұсынды. Нәтижесінде Бұланды аудандық сотының шешімімен Л. Крамердің пәтерге жеке меншік құқығын тану бойынша арызы қанағаттандырылды.
Партия тарапынан көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға да барынша көмек көрсетіледі. Мәселен, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылының тұрғыны, көп балалы ана партияның қоғамдық қабылдау бөомесіне келіп, балаларын балабақшаға тегін орналастыру бойынша көмек сұраған болатын. Азаматшаның тұрмыстық жағдайы ескеріліп, мектеп жасына дейінгі 3 баласы балабақшаға тегін орналастырылды. Бұл игі іс Целиноград аудандық мәслихатының депутаты Жанар Хасенованың қолдауымен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, өтініш иесінің тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік көмек алуына көмек көрсетілді. Нәтижесінде көпбалалы ананың мектеп жасына дейінгі 3 баласын «Балдырған -2030» жеке меншік балабақшасына ақысыз орналастырылды және Талапкер ауылдық округі әкімдігінің жауапты мамандарымен бірлесе тиісті құжаттар рәсімделген соң атаулы әлеуметтік көмек (АСП) берілді.
Осындай мысалдар көп-ақ. Партияның қоғамдық қабылдауына келетіндердің мәселелері сан түрлі. Десе де, негізінен баспана мәселесі өткір тұрғаны анық. Осыны ескере отырып, наурыз айының басында әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың өкілдеріне арнап, тұрғын үй сертификаттарын беру, аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындау, сондай-ақ жалдау ақысын субсидиялау мәселелері бойынша азаматтарды тақырыптық қабылдау өтті. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерімен және "Отбасы банк" АҚ филиалымен бірлесіп жүргізілді. Кездесуге көп балалы аналар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, І, ІІ топтағы мүгедектер қатысты. Қабылдау барысында олар тың ақпарат алып, өздерін қзықтырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
Ақманат Әлімбетова, «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі.