Шығыс Қазақстан облысының полицейлері аймақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, Өскемен қаласындағы гараждардың бірінде қоймаға жасырылған қару-жарақ арсеналын анықтады, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Мәлімет бойынша, тінту кезінде калибрлі 7,62 миллиметрлік ТТ маркалы жауынгерлік тапанша тәркіленді. Тапаншада қосымша 9 миллиметр атуға арналған қолдан жасалған ауыстырылатын ұңғы болған. ИЖ-18 кесілген шолақ мылтық, оның ішінде тиісінше 5.45, 7.62 және 9 миллиметр калибрлі 450-ден астам мөлшерде оқ-дәрілер тәркіленді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген барлық қару атуға толық жарамды. 47 жастағы ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.