ҚР Денсаулық сақтау министрлігі БАҚ-та жарияланған инсулин мен басқа да негізгі дәрі-дәрмектердің болжамды тапшылығы туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.
"Бүгінгі таңда Қазақстанда бөлшек сауда сегментінде дәрілік заттардың бар-жоғына қатысты мониторингіге сәйкес, тапшылық байқалмайды. Препараттардың қолжетімділігі мақсатында дәрілік заттардың тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді, ірі көтерме сауда дәріханарының қоймаларында қор қалыптастырылған. 2022 жылға тегін медициналық көмектің кепілді көлемі және МӘМС шеңберінде 11,1 млрд теңге сомаға инсулиндердің 20 атауы сатып алынды. Сонымен қатар, Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында инсулиннің жеткілікті қоры бар», - делінген министрлік мәліметінде.Құзырлы ведомстваның атап өтуінше, препараттардың қолжетімділігі мақсатында дәрілік заттардың тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді, ірі көтерме дәріхана қоймаларында қор қалыптастырылған.
«Демек, бұл препараттар заттық-сандық есепте тұр. Препараттарды рецептімен босату рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларымен регламенттеледі және министрліктің ерекше бақылауында болады. Дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қолдану азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Дәрі-дәрмектердің бөлшек бағасына келетін болсақ, олардың бағасы белгіленген шекті бағалар аясында қалыптасатынын атап өткен жөн. Дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеудің арқасында сұраныс пен сатудың маусымдылығын, сондай-ақ жыл сайынғы инфляцияны ескере отырып, бағаларды оңтайлы деңгейде ұстап тұруға болады», - деп нақтылады ДСМ.