Қазақстан әлемдегі бензин бағасы ең арзан 10 елдердің қатарында 
Қазақстан әлемдегі бензин бағасы ең арзан 10 елдердің қатарында 
294
оқылды

Қазақстан бензин бағасы ең төмен елдердің қатарына кірді.

 GlobalPetrolPrices сайтының мәліметі бойынша, Қазақстан АИ-95 жанармай бағасының құны бойынша 170 елдің ішінде 8-ші орында тұр.

Елімізде бензин литрінің бағасы 210 теңге(0,393 доллар) құрайды. Ең арзан бензин Венесуэлада литріне 0,025 доллар (теңгемен есептегенде 13 теңге). Сондай-ақ алғашқы ондықта Ливия (0,032 – шамамен 16 теңге), Иран (0,051 – шамамен 26 теңге), Сирия (0,316 – шамамен 161 теңге), Алжир (0,322 – шамамен 164 теңге), Ангола (0,340 – шамамен 173 теңге) бар. , Кувейт (0,345 – шамамен 176 теңге), Нигерия (0,4 – шамамен 204 теңге) және Түркіменстан (0,428 – шамамен 218 теңге).