Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты
Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1 000 турнирінің ширек финалына шықты. Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 51-ракеткасы, швейцариялық Виктория Голубичпен кездесті. Жүлде қоры 8,4 млн АҚШ долларына бағаланған осы жарыстың екінші айналымында швейцариялық спортшы тағы бір қазақстандық Юлия Путинцеваны тартысты ойында жеңіп кеткен болатын. Путинцеваның кеткен есесін Рыбакина қайтарды. Ол сағат жарымдай уақытқа созылған матчта қарсыласын 7:6 (7:5), 6:3 есебімен қапы қалдырды.

А.ЖАСАНҰЛЫ