Президент Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді
Президент Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді
219
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа­лық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен бейнебайланыс режимінде кездесу өткізді. Кездесу барысында транзиттік тасымал, эконо­ми­каны декарбонизациялау, қаржы секторы сала­ларындағы бірқатар инвестициялық жобаны Қазақ­станда жүзеге асырудың перспективалары талқы­ланды. Қасым-Жомарт  Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы тиімді әрі ұзақмерзімді ынтымақтастықтың оң қарқынына  көңілі тола­ты­нын атап өтті. – Өзара ықпалдастық аясында зор нәтижелерге қол жеткіздік. Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық қай­та құру және даму банкі арасындағы тиімді ынты­мақтастық одан әрі нығая беретініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы. Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды, 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауда айтыл­ған бастамаларды қолдайтынын жеткізді. Еуропалық қайта құру және даму банкінің бас­шысы Қазақстанның көміртегіне бейтараптыққа қол жеткізу жөнінде мәлімдеген мақсаттары аясындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін нақ­тылады. Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Одиль Рено-Бассоны Қазақстанға кезекті рет сапармен келуге шақырды.