Әр ұтыс иесіне жетуі керек

Әр ұтыс иесіне жетуі керек

«Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы талап етілмеген ұтыстарды жоспарлы түрде төлеуді бастады. Қазақстан Республикасының «Лотереялар және лотерея қыз­меті туралы» 2016 жылғы 9 сә­уірдегі заңында жеңімпазы анық­талған, бірақ ұтыс иесінің жүл­дені алуға келмеген жағ­да­йының құқықтық негіздері қа­растырылған. Атап айтқанда, атал­ған заңның 3-тарауы, 11-бабы, 7-тармағына сай лотерея­ны өткізу шарттарында белгі­ленген мерзімде талап етілмеген ұтыстарды лотерея операторы тиісті тираждың (жүлде қоры­ның ұтыс ойыны) нәтижелері жарияланған сәттен бастап үш жыл бойы сақтайды. Содан ке­йін олар салық емес төлем тү­рінде бюджет кірісіне есептеледі. Осыған байланысты «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы та­лап етілмеген ұтыстардың төлеу фактілері туралы мәлімдейді. Бүгінге дейін 73 миллион 684 мың 692 теңге көлеміндегі сома мемлекеттік бюджет кірісіне жіберілді. Талап етілмеген ірі ұтыс­тардың дені 8 миллион тең­геге дейінгі ірі соманы құрайды. Ұтыс иесі өз жүлдесін 6 ай өт­кен­нен кейін жүгінбесе, ол та­лап етілмеген санатқа өтеді. Не­гі­зінен, «Сәтті Жұлдыз» ұлт­тық лотереясы бірінші кезекте ұтыс­тардың жеңімпазға жетуіне мүд­делі. Сондықтан ұлттық ло­терея қатысушыға ұтыс туралы сүйінші сұрау үшін хабарлаудың барлық тетігін пайдаланады. Өткен жылы «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясының арқасын­да елімізде жаңа 112 миллионер пайда болды. Сондай-ақ 6 адам жаңа көлікке және 4 адам пә­терге ие болды. Ұлттық лото­рея­ның қорытындысында жеңім­паздарға 6 миллиард теңге ұтыс төленді. Жалпы, компания әлеумет­тік жауапкершілікке көп көңіл бө­ле­ді. Тек 2021 жылдың өзінде «Сәт­ті Жұлдыз» ұлттық лоте­рея­сы «Ха­лық» қайырымдылық қо­ры­ның акциясына екі рет қа­тысып, көп­балалы және басқа да мұқтаж от­басыларға жалпы со­масы 52 мил­лион теңгеге 2 000 дана азық-тү­лік жиынтығы та­ратылды. Зей­­нет­кер­лер үшін жал­пы сома­сы 1 мил­лион тең­геге 100 серти­фи­кат берілді. 2021 жылы қазақ­стан­дық спортты дамытуға 2 мил­­лиардқа жуық теңге жұм­сал­ды. Бұл ба­ғытта қа­растырылған қа­ражат­тың жал­пы көлемі 4 мил­лиард тең­геге жуықтайды.