Ақтөбе тұрғыны 13 жастағы туған қызына азғындық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жылға сотталды. Бұл туралы Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, сотталушы бұрын колонияда жазасын өтеген. Ер адам түрмеден шыққан соң, отбасы мүшелерінің жоғын пайдаланып, қызын азғырған. – Процессуалдық заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, тергеушінің хаттамасымен түскен қылмыстық істі зерделеу барысында Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы айыптау актісін толтырып, қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс жолданды, – деді Ж. Дәулембаев. Сот мемлекеттік айыптаушының пікірімен келісіп, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын төтенше жағдайдағы күзет мекемесінде өтеу жазасын тағайындады.