Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы үздік жетістіктері үшін жазушы Илья Жақановқа, денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа берілді. Сонымен қатар Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, азаматтарды қорғауда және құтқаруда көрсеткен жеке жанқиярлығы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көрсеткен көмегі үшін еліміздің бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды.