«Дикий Арман» деген лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдегенін Tengrinews.kz жазды.
«Жұмагелдиев Алматыдағы ҰҚК уақытша ұстау изоляторында қамауда. Оның қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды», - деп жауап берген Бас прокуратура сайттың сауалына. Бас прокуратура мәліметінше, Жұмагелдиев келесі баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған: 287 Қылмыстық кодекстің 4-бөлігі "Ататын қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша немесе бірнеше рет заңсыз алу-беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру"; Қылмыстық кодекстің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу", күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру; 126 ҚК-нің 3-бөлігінің 3-тармағы өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып "Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру".