Атырауда 120 қытайлық ұсталды

қытай
© egemen.kz

Атырауда мерзімі өткен визалық құжаттармен жүрген 120 қытайлық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Мигрант» іс-шарасы барысында қала аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктерді анықтады.

Мәселен, Өзбекстан Республикасының 30 азаматы құрылыс алаңында арнайы рұқсат құжаттарынсыз қызмет етіп жүрген. Қазіргі уақытта олар қабылдау-тарату орнына қамалды. Жеке бастары анықталғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Бұдан басқа, аталған жедел іс-шара барысында полиция қызметкерлері қала аумағындағы Қытай компанияларының бірінің филиалында мерзімі өткен визалық құжаттармен жүрген Қытай Республикасының 120 азаматын анықтады. Қазіргі уақытта әкімшілік іс-құжаттары сот органдарына жолданды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.