Қор нарығында доллар бағамы тағы арзандады

Қор нарығында доллар бағамы тағы арзандады

Доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,39 теңгеге төмендеді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 505, 22 теңге. Ұлттық банктің 18 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 506, 14 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 508 теңге, сатып алу – 513 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 509,85 теңгеден болса, сатып алу құны – 513 теңге.