Полиция формасын киіп, жалған құжат  жасатқан күдікті ұсталды
Полиция формасын киіп, жалған құжат  жасатқан күдікті ұсталды
Фото: іnform.kz
Шымкенттегі базарда полиция формасын киіп, көшеде жүрген азамат ұсталды.   Шымкенттегі «Жоғарғы базар» маңында жүргізілген рейд кезінде Полиция департаментінің өзіңдік қауіпсіздік басқармасының жедел қызметкерлерінің назарын формалы жас жігіт аударған, – деп жазады ҚазАқпарат. Олар күдіктіні тексеру барысында одан әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы учаскелік инспекторының «жалған» қызметтік куәлігін тәркілеген. Тергеу барысында ер адамның форманы қаладағы дүкендердің бірінен алғаны анықталды. Ол Шымкентке екі күн бұрын келген, Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Қазір күдіктіге қатысты әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының тергеушілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 390-бабы «Билік өкілі атағын өз бетінше беру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.