Қазақстанда өткен тәулікте 51 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1 304 818-ге жетті. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 5 Алматы қаласы - 20 Шымкент қаласы - 2 Ақмола облысы - 3 Алматы облысы - 1 Шығыс Қазақстан облысы - 4 Жамбыл облысы - 2 Қарағанды облысы - 3 Қостанай облысы - 2 Қызылорда облысы - 1 Маңғыстау облысы - 1 Павлодар облысы - 1 Солтүстік Қазақстан облысы - 6 Сондай-ақ, Қазақстанда кейінгі тәулікте 864 адам коронавирустан емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны 1 284 696 болды.