Ерлан Саиров: Әрбір қазақстандық дауыс беру және сайлану құқығын қолдана алуы тиіс
Ерлан Саиров: Әрбір қазақстандық дауыс беру және сайлану құқығын қолдана алуы тиіс
383
оқылды

Біз саяси модернизациялаудың жаңа кезеңіне аяқ бастық, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ханкелді Әбжанов AMANAT партиясы Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жолдауында жарияланған саяси реформалар бағдарламасын қолдау мақсатында өткен митинг кезінде. 

«Президентіміз Қ.Тоқаев жүзеге асырып жатқан бастамалар мен реформалар ҚР Конституциясында паш етілген құқықтық мемлекет құруға жол ашатынына сенім мол. Біз саяси модернизациялаудың жаңа кезеңіне аяқ бастық. AMANAT партиясының дүниеге келгені осының көрінісі», - деді Ханкелді Әбжанов. «Тәуелсіздік – бабаларымыздың арманы әрі аманаты. Ал жаһандану тұсында арман мен аманат ақиқатқа айналу үшін елдегі ынтымақтан, келісімнен, кемел үнқатысудан артық дүние жоқ», - деп қосты академиг.
 width= ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров демократияның маңыздылығына тоқталды.
«Қазақстанда саяси реформалар өзекті әрі маңызды. Әрбір қазақстандық дауыс беру және сайлану құқығын қолдана алуы тиіс. Демократияға, пікірлер плюрализміне балама жоқ»", - деді Ерлан Саиров.