Қазіргі таңда қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе жастардың саны арта түсуде, деп мәлімдеді Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожин.
«30 жылда бәрімізге ортақ құндылықтар қалыптасты: ең әуелі Тәуелсіздік, бірлік, тіл, дәстүр. Біздің елімізде жүйелі саясаттың арқасында адамды ұлтына, тіліне қарай жіктеуге, кемсітуге жол жоқ. Қазіргі таңда қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе жастардың саны арта түсуде. Біз бұны зор мақтанышпен айтамыз».«Бүгінгі жиынның мақсаты - Мемлекет басшысының саясатын және оның реформаларын қолдау. Қазіргідей күрделі кезеңде елді сабырлық пен бірлікке, татулыққа шақыру. Халық сөзіне берік, уәдесін іспен дәлелдейтін партияны қолдайды. «AMANAT» халық партиясы деп нық сеніммен айта аламын!» - деп қосты «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев Қалалық филиалдың ұйымдастыруымен ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауында жарияланған саяси реформалар бағдарламасын қолдау мақсатында өткен митингте.