Қазақстан-Ресей медициналық университетінің 2-курс студенті Ариана БЕЛОБЖИЦКАЯ Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жарияланған саяси реформалар бағдарламасын қолдау мақсатында өткен митингтегі сөзінен:
«Менің ұлтым – украин, бірақ жүрегім қазақ деп соғады! Себебі мен осы елде туып-өстім, білім алдым, достарымның барлығы дерлік қазақтар. Бүгінде сәл қиындық көрсе, шетелге кетемін деп шығатын жастар аз емес. Себебі олар «мемлекет маған не береді» деп масыл болуға даяр. Бірақ қазір «мен мемлекетке не беремін?» деген азаматтық сана қалыптасуы керек».