Алматыдағы Шоқан Уәлиханов ескереткіші маңындаға алаңда «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты митинг өтуде. Бейбіт митингті AMANAT партиясының Алматы қалалық филиалы ұйымдастырды.
Жиынның мақсаты жақында атауы мен бағыт бағдары жаңаша сипат алған партияның жұмысын қалың бұқараның қолдауымен насихаттау. Сонымен қатар Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16-наурыз күнгі халыққа жолдауына қолдау көрсету болды.
[caption id="attachment_188655" align="alignnone" > ©А.Мұрзанов[/caption]
[caption id="attachment_188656" align="alignnone" > ©А.Мұрзанов[/caption]
Жиынға партия мүшелері, Мәжіліс депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары, сондай-ақ мәдениет, ғылым, кәсіпкерлік саласының өкілдері қатысты.
«Бүгін баршамыз осы жерде Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлының бірнеше күн бұрын ғана халыққа жолдаған тарихи жолдауын қолдап келіп тұрмыз. Ауа-райының аздап салқындығына қарамастан шын ниеттес көңілмен келіп тұрған баршаңызға алғыс айтамын. Ел мүддесі мен мұраты жолында Президентіміз айтқан жарқын да жаңа болашақ құру жолында бірлікте болайық. Біздің күшіміз бірлікте», – деді AMANAT партиясының атқарушы хатшысы.[caption id="attachment_188657" align="alignnone" > ©А.Мұрзанов[/caption] Алаңға шамамен екі мыңдай адам жиналды. Жиналғандар қолдарына «Радикализммен экстремизге қарсымыз», «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» «Ел мен жер бізге аманат» «Біздің күшіміз бірлікте» деген сынды бірнеше ұрандар жазылған плакаттар алып шықты. Келушілердің басым көпшілігі жастар. Барлығы бір ауыздан AMANAT партиясының бағадарламасын және оның төрағасы, президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамаларын қолдайтындықтарын жеткізуде. [caption id="attachment_188651" align="alignnone" > ©А.Мұрзанов[/caption] Солардың бірі студент Рузия Ескенова осындай іс-шара өтетінін құрбыларынан естіп келгенін айтады. «Келгендегі мақсатым осы елдің патриоты ретінде болашақ Қазақстанды бірге құруға атсалысатынымды білдіргім келді. Мен Президентіміздің барлық жаңа бастамаларын қолдаймын», – дейді ол. Бейбіт жиынға келушілердің арасында елге белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, зиялы қауым өкілреді де болды. Солардың бірі тарихшы, профессор Ханкелді Әбжанов. [caption id="attachment_188658" align="alignnone" > ©А.Мұрзанов[/caption] «Біз кешегі қаңтар оқиғасынан өте үлкен сабақ алуымыз керек. Бұл біздің болашағымыз үшін өте қажет нәрсе. Ол күндер қазаққа кез-келген сәтте, қандай сынақтан болсын тек ауызбіршілк пен ынтымақтың арқасында ғана өте алатынын көрсетті», – деді профессеор Х. Әбжанов. [caption id="attachment_188659" align="alignnone" > ©А.Мұрзанов[/caption] Сондай-ақ жиналғанлдар арасында біз пікірін сұраған зейнеткер, Алматы қаласы Әуезов ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Бәтима Ибраева ел мен жер мынандай жаңару жолына түсіп жатқанда үйде зейнеткермін деп жата алмағанын айтады. «Біздің Әуезов ауданында 46 мыңдай зейнеткер бар. Мен өзім ұзақ жылдар Мемлекттік салада қызмет етіп зейнеткерлікке шықтым. Бүгін осындай жиын болып жатқанын естіп қолдауға, жастарға ақылымды айтуға келіп тұрмын. Біз тек бірлік болған жерде ғана алға жылжи аламыз. Оны осы күнге дейін жүріп өткен жолымыз көрсетіп берді», – дейді Б. Ибраева. [caption id="attachment_188660" align="alignnone" > ©А.Мұрзанов[/caption] Мінберден сөз алғандардың бірі, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров өз сөзінде Президенттің жолдауы партияның жұмысына жаңа серпін бергенін атап өтті. «Кешегі жолдауда Президентіміз Парламенттің әлеуеті мен мүмкіндігін күшейту туралы сөз айтты. Бұл деген Мемлекеттік басқаруды биліктен алып халыққа беру жолындағы алғашқы нақты қадамдар деп айтуға болады. Сондықтан осы жолда барлығымыз «Бір жағадан бас бір жеңнен қол шығарумыз керек», – деді халық қалаулысы Е. Саиров. [caption id="attachment_188661" align="alignnone" > ©А.Мұрзанов[/caption] Жиналғар алдына осындай жалынды сөздермен қатар белігілі өнер ұжымдары ән-жырдан шашу шашты.
Фотоларды түсірген ©Айтжан Мұрзанов