Жамбыл облысында 500-ден астам шетелдік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Мигрант” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 504 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды. Заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 117 мигрантқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. "Шетелдіктерді қабылдайтын Қазақстан азаматтарының көші-қон заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін 260 адам жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 40 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев. 123 шетелдік сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды. Оларға Қазақстан аумағына 5 жылға дейін кіруге тыйым салынды. Сондай-ақ, бұрын шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған және облыс аумағында заңнан тыс жүрген 14 шетелдік тұрғын мәжбүрлі түрде елден шығарылды. Іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталды.