Бетперде киген адам жалғызбасты анаға қымбат оттегі аппаратын алуға көмектесті
Бетперде киген адам жалғызбасты анаға қымбат оттегі аппаратын алуға көмектесті
Фото: Instagram
173
оқылды
Бетперде киген адам көпбалалы, жалғызбасты ананың қызына қымбат оттегі аппаратын алуға көмектесті. Әлеуметтік желіде chelovekvmaske атымен таныс бетперде киген адам қайырымды іс жасауға ұйытқы болып жүр. Бұған дейін де оқырмандарымен бірлесіп көптеген мұқтаж жандарға көмектесті. Айтуынша, бұл жолғы кейіпкерінің екі баласының мүмкіндігі шектеулі. Біреуі оттегі аппаратына тәуелді. Қазір оған тасымалдауға ыңғайлы германиялық оттегі аппараты қажет екен. Ол оқырмандарымен бірлесіп, аппарат алуға қажет қаражатты жинап, жалғызбасты анаға табыстады. Қуаныштан көзіне жас алған ана қайырымды жандарға алғыс білдірді.