Алматы маңындағы атысқа қатысты деген күдікпен 17 адам ұсталды
Алматы маңындағы атысқа қатысты деген күдікпен 17 адам ұсталды
172
оқылды
Полицейлер 7 наурызда кешке Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылы маңында болған атысқа қатысушыларды ұстады, - деп хабарлайды  ПД баспасөз қызметі. Жастар арасындағы қақтығысқа 30-ға жуық адам қатысқан. Полиция қызметкерлері жағдай ушығып кетпеуі үшін оқиғаның алдын алуға тырысқан. Олар заңсыз әрекеттерді тоқтатуды талап еткен. Қақтығысқа қатысқандар жауап ретінде тәртіп сақшыларына бірнеше рет оқ атып, оқиға орнынан кетіп қалған. Полиция мәліметінше, қатысушылардың бірі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
"Оқиға болған жерді тексеру кезінде криминалистер мылтық, тегіс ұңғылы және травматикалық қарудың гильзаларын тапты. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қоғамдық резонанс тудырған атыс дерегі бойынша қылмыстық заңнаманың бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы облысы ПД өкілі.
Қылмыстық тергеу шеңберінде полиция қызметкерлері аталған оқиғаға қатысушы өзге күдіктілерді анықтау және іздеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда.