ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 19 наурызда Алматы уақытымен сағат 19-04-те жер сілкінісін тіркеді. Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 658 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық қуаты 10.8. Магнитудасы 4.2 MPV. Бағыты 42.00° с.е. 69.05° ш.б. Тереңдігі 10 км. Сезілу деңгейі Шымкентте 2 балл болды.