Нұр-Сұлтанда мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеті таратылып жатыр
Нұр-Сұлтанда мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеті таратылып жатыр
167
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен биыл Наурыз мерекесі «Қайырымды істер» ұранымен өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мереке аясында қалада игі істерге арналған акциялар өткізіліп, мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері таратылады. 1 наурыздан бастап азық-түлік жиынтығын мыңнан астам отбасы алды. Қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға кәсіпкерлер, еріктілер және қала тұрғындары көмек көрсетіп жатыр. Наурыз – бұл күн мен түннің теңесетін, жаңару күні емес. Бұл – бірлік пен еңбек, мейірімділік пен махаббат, достық пен бейбітшілік мерекесі, сондықтан да мұқтаж жандарға қашанда қол ұшын созуымыз тиіс.
«Ұлттық Наурыз мейрамы қарсаңында азық-түлік жиынтықтары 600-ден астам отбасыға таратылды, олардың арасында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, сондай-ақ жалғыз басты зейнеткерлер мен халықтың басқа да әлеуметтік санаттары бар. Мұндай акциялар 1 наурыз – Алғыс айту күні, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні өткізілді, онда 500-ден астам отбасы азық-түлік себеттерін алды», - деді Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Шұғыла Құдайбергенова.
 width=Жалпы, елордада қайырымдылық шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Ал қарлы күндерде жалғыз тұратын зейнеткерлер мен қарт кісілердің аулаларын күреу жұмысы назардан тыс қалмайды.
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен және қолдауымен біз 600-ден астам адамға азық-түлік себетін тараттық. Азық-түлік жиынтығына біз күнделікті тұтынатын негізгі өнімдер кіреді. Олардың қатарында күнбағыс майы, ұн, күріш, жарма, қант, шай, макарон өнімдері, ет консервілері, кәмпиттер және т.б. іс-шараға еріктілер мен қаланың белсенді тұрғындары қатысады», - деп атап өтті «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев.
 width=Өз кезегінде себет алушылар ұйымдастырушыларға және қайырымдылық акциясына қатысқандарға көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтады.
«Ұйымдастырушыларға көрсеткен көмегі үшін алғысым шексіз. Осындай Наурыз мерекесінде бізді назардан тыс қалдырмай, қолдап, көмек көрсеткеніңіз үшін көп рақмет. Сіздерге денсаулық пен бақ-береке тілеймін», - деді көпбалалы ана Маржан Гимранова.
 width=
«Біз май, қант, қарақұмық, ұн алдық. Мұның бәрі қажет өнімдер. Осындай көмек үшін алғысымды білдіремін және баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын», - деді көпбалалы ана Ольга Чернова.
Әкімдік осы акцияны қолдауға, азық-түлік себетін жинауға және оны мұқтаж отбасыларға жеткізуге шақырады. Көмек қолын созуға бәріміз бірге атсалысайық! Айта кетейік, жыл басынан бері елорданың 10 мыңнан астам тұрғынына жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы «Игі істер марафоны» аясында мұқтаж жандарға 15 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылды.