Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен биыл Наурыз мерекесі «Қайырымды істер» ұранымен өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мереке аясында қалада игі істерге арналған акциялар өткізіліп, мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері таратылады. 1 наурыздан бастап азық-түлік жиынтығын мыңнан астам отбасы алды. Қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға кәсіпкерлер, еріктілер және қала тұрғындары көмек көрсетіп жатыр. Наурыз – бұл күн мен түннің теңесетін, жаңару күні емес. Бұл – бірлік пен еңбек, мейірімділік пен махаббат, достық пен бейбітшілік мерекесі, сондықтан да мұқтаж жандарға қашанда қол ұшын созуымыз тиіс.«Ұлттық Наурыз мейрамы қарсаңында азық-түлік жиынтықтары 600-ден астам отбасыға таратылды, олардың арасында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, сондай-ақ жалғыз басты зейнеткерлер мен халықтың басқа да әлеуметтік санаттары бар. Мұндай акциялар 1 наурыз – Алғыс айту күні, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні өткізілді, онда 500-ден астам отбасы азық-түлік себеттерін алды», - деді Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Шұғыла Құдайбергенова.
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен және қолдауымен біз 600-ден астам адамға азық-түлік себетін тараттық. Азық-түлік жиынтығына біз күнделікті тұтынатын негізгі өнімдер кіреді. Олардың қатарында күнбағыс майы, ұн, күріш, жарма, қант, шай, макарон өнімдері, ет консервілері, кәмпиттер және т.б. іс-шараға еріктілер мен қаланың белсенді тұрғындары қатысады», - деп атап өтті «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев.
«Ұйымдастырушыларға көрсеткен көмегі үшін алғысым шексіз. Осындай Наурыз мерекесінде бізді назардан тыс қалдырмай, қолдап, көмек көрсеткеніңіз үшін көп рақмет. Сіздерге денсаулық пен бақ-береке тілеймін», - деді көпбалалы ана Маржан Гимранова.
«Біз май, қант, қарақұмық, ұн алдық. Мұның бәрі қажет өнімдер. Осындай көмек үшін алғысымды білдіремін және баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын», - деді көпбалалы ана Ольга Чернова.Әкімдік осы акцияны қолдауға, азық-түлік себетін жинауға және оны мұқтаж отбасыларға жеткізуге шақырады. Көмек қолын созуға бәріміз бірге атсалысайық! Айта кетейік, жыл басынан бері елорданың 10 мыңнан астам тұрғынына жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы «Игі істер марафоны» аясында мұқтаж жандарға 15 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылды.