Қызылордада дәрігер жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқан медбикені соққыға жыққан
Қызылордада дәрігер жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқан медбикені соққыға жыққан
Сурет: depositphotos.com
231
оқылды

Қызылордада онкологиялық орталық дәрігері жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқан медбикені соққыға жыққан. Бұл оқиға туралы белсенді Жәмилә Қасымхан  Facebook әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жазды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белсендінің айтуынша, оқиға 2022 жылдың 3 наурызында онкологиялық орталықта болған. Жазбада ақылы хирургия бөлімінің хирургі А.К. мен реаниматолог М.А. түнгі ауысымда ішімдік ішкені айтылған.
"Түнгі ауысым. Реаниматолог М.А. медбике А-ны 5-қабаттағы басқа блокқа шақырып, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасай бастайды. Медбике төбелесіп, оның қолын тістеп алаған. Бірақ реаниматолог құштарлығын көрсетуді тоқтатпаған. Қыз бұл әрекет жұмыс орнында жәбірлеу екенін айтқан, бірақ мас реаниматолог тоқтамай, оны ұрып-соққан. Бас тартқаны үшін қызды баспалдақтан итеріп жіберген. Қорыққан қыз қашуға тырысады, бірақ ол үндемеуді бұйырған, әйтпесе жұмыстан кетеді. Кейін ол медбикеге бірнеше рет телефон соғып, мұз әкелуін сұраған. Сондай-ақ, массаж жасау үшін басқа медбикені шақырған", - деп жазды жазба авторы.
Дәрігерлердің әрекеті жайлы естіген облыстық онкология диспансерінің емдеу бөлімі директорының орынбасары түнде келіп, мас хирургтарды көрген, бірақ ешқандай шара қолданбаған.
"Түрлі бөлімше медбикелерімен сөйлескеннен кейін, бұл дәрігерлер түнгі ауысымда интим массаж жасауға, жұмыс орнында жыныстық қатынасқа түсуге көндіретінін білдім. Бәрі үндемейді, қорқады. Медбике А., директор мен оның орынбасарына, одан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен полицияға арыз жазған. Еш жерде қарастырылмаған. Кеше қыз 102-ге хабарласқан кезде ғана полиция арызды тіркеген", - деп қосты ол.
Қызылорда облыстық онкологиялық орталық оқиға бойынша қызметтік тексеріс жүргізілгенін айтты. Ал Қызылорда облысының Полиция департаменті арыз бойынша Қызылорда қалалық ПБ тексеру шараларын жүргізіп жатқанын хабарлады.