Ақтау теңіз портына бомба қойылғаны туралы хабарлама тарады
Ақтау теңіз портына бомба қойылғаны туралы хабарлама тарады
282
оқылды
Наурыздың 18-і күні Ақтау теңіз портына жарылғыш зат қойылғандығы турары хабарлама түсіп, қызметкерлер мен жолаушылар эвакуацияланды.
Lada.kz сайтының жазуынша, бұл ақпаратты теңіз порты мен Көліктегі полиция департаменті растады. Сондай-ақ олар жарылғыш құрылғылар бар деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Қазір Ақтау порты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша Маңғыстау стансасындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Баптың санкциясында 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.