"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Нұр-Сұлтанда оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20-дан секундына 23 метрге жетеді. Күндіз қарлы боран күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады деп болжанған. Облыстың солтүстігі мен батысында баяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20, оңтүстікте жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың орталығы мен солтүстігінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. 21 наурызда Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде боран соғады. Облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Атырау облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында секундына 15-20 метр жел соғады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде солтүстікте, күндіз Ақтөбе облысының басым бөлігінде боран соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан, түнде солтүстіктен, күндіз облыстың басым бөлігінде жел екпіні 15-20-дан секундына 23 метрге жетеді. Маңғыстау облысында жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз солтүстікте секундына 15-20 метр жел соғады. Түнде солтүстік-батыста, күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні секундына 23-28 метр болады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз солтүстік-батыста, батыста, облыс орталығында боран соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен солтүстік-батыста, батыста, облыс орталығында жел 15-20, күндіз жел екпіні секундына 25 метрге жетеді. Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан таңертең және күндіз таулы аудандарда секундына 15-20 метр жел соғады. Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында жел секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде 15-20 метр, солтүстікте, батыста секундына 25 метр жылдамдықпен соғады.