Головкин "Канелоның" экс промоутерлерін сотқа берді
Головкин "Канелоның" экс промоутерлерін сотқа берді
Фото: sports.kz
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Golden Boy Promotions компаниясын сотқа берді. Арыз сол кезде промоутерлік компания ісін жүргізген Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) 2018 жылы өткен екінші жекпе-жекке қатысты, – деп жазады kaz.vesti.kz. Бокс кешін Golden Boy және Головкинге тиесілі GGG Promotions компаниясы бірге ұйымдастырған. Fight Freaks Unite мәліметінше, Головкин Golden Boy өкілдерін келісімшартты бұзды деп айыптап, кемінде 3 миллион доллар қарызын өтеуді де талап етіп отыр. Шағым Калифорнияның Лос-Анджелес округінің орталық учаскесіне қарасты сотына берілген.