Президент тікелей эфирде қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтайды

Президент тікелей эфирде қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтайды

Президент Алматыда өтетін Наурыз тойына қатысып, тікелей эфирде қазақстандықтарды құттықтайды. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы қаласының «Астана» алаңында өтетін мерекелік іс-шараға қатысып, барша Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтайды. Наурыз мейрамына арналған іс-шара республикалық телеарналардан сағат 10:45-те тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар Президент қаладағы ғылым, білім, спорт және сауда нысандарын аралайды.