Владимир Жириновскийдің жағдайы нашарлап кетті. Бұл жайында “Известия” хабарлады.
Олардың мәліметінше, саясаткер қайтадан медикаментозалық комаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, ол септикалық шок алған. Владимир Жириновский 2 ақпанда COVID-19 инфекциясымен ауруханаға жатқызылған. Бұқаралық ақпарат құралдары жазғандай, Либералдық-демократиялық партия жетекшісінің өкпесінің 70 пайыз бөлігі қабынып, бірақ кейін оның жағдайы жақсарған болатын.