Димаш Құдайбергеннің композициясы Сиэтлдегі радиода  бірінші орын алды
Димаш Құдайбергеннің композициясы Сиэтлдегі радиода  бірінші орын алды
©liter.kz
197
оқылды

20 наурызда Сиэтлдің танымал Сhannel R радиосында Димаштың «Fly Away» композициясы «Апта әні» дауыс беру нәтижесі бойынша жетекші орынға ие болды.

Сиэтлдегі (АҚШ) Онлайн-радио Channel R тәулік бойы заманауи хиттер мен тыңдаушылардың сүйікті әндерін таратады. Онда поп-музыкадан бастап R&B, рок, рэп және электронды музыкаға дейінгі барлық жанрдағы әндерді тыңдауға болады. Dimashnews.com сайтының хабарлауынша, өткен аптада Channel R алғаш рет Димаш Құдайбергеннің «Fly Away» композициясын ChannelRSongOfTheWeek чартында апта сайынғы дауыс беру үшін номинанттар тізіміне енгізді. Радио тыңдаушылар бір апта бойы әндерге сайтта немесе Channel R қосымшасында дауыс берді. Апта қорытындысы бойынша Димаш Құдайбергеннің «Fly Away» әні 1-орынға ие болды. Енді жеңімпаз ән Channel R радиосында апта бойы күніне үш рет шырқалады.