Алматылықтар әз Наурызды тойлауда – Фоторепортаж
Алматылықтар әз Наурызды тойлауда – Фоторепортаж
©Айтжан Мурзанов
204
оқылды

Бүгін оңтүстік астана жұртшылығы Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мерекесін ерекше көңіл күймен тойлауда.

[caption id="attachment_188820" align="alignnone" width="1200"]наурыз ©Айтжан Мурзанов[/caption] Неше күн бойы қабағын ашпаған Алматы аспаны да дәл бүгін жайма-шуақ болуы қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік қуаныш сыйлауда. [caption id="attachment_188821" align="alignnone" width="1200"]наурыз ©Айтжан Мурзанов[/caption] Наурыз мейрамына Қазақстандықтар мен мегаполис тұрғындарын құттықттауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың келуі де қала тұрғындарын бір серпілтіп тастады. Президент өз сөзінде бүгінгі қасиетті мейрамды алматылықтармен бірге қарсы алуға арнайы келгенін айтып өтті. [caption id="attachment_188822" align="alignnone" width="1200"]наурыз ©Айтжан Мурзанов[/caption] «Бүгін Ұлыс күнін өздеріңізбен бірге қарсы алу үшін Алматыға арнайы келіп отырмын. Алматы – Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Халқымызға қайта оралған Ұлыс тойын мерекелеу осы қастерлі мекеннен басталды. Алматы – қазақ елінің рухани, мәдени және іскерлік орталығы. Зиялы қауымның, өнер, білім, ғылым, бизнес саласының өкілдері осында шоғырланған», – деді Президент. [caption id="attachment_188823" align="alignnone" width="1200"]наурыз ©Айтжан Мурзанов[/caption] Артынан Әлібек Дінішев, Рухия Байдүкенова, Айгүл Елшібаева, т.б. сынды бірқатар өнер тарландарының концерті жұртшылықты ерекше қуанышқа бөледі. Жиналған халықтың барлығының жүзінен әз Наурыз мейрамын тойлауға деген сағыныштың қуанышын байқауға болады. [caption id="attachment_188824" align="alignnone" width="1200"]наурыз ©Айтжан Мурзанов[/caption] «Қандай күшті. Соңғы жылдардағы карантин адамдарды әбден шаршатып жіберді. Халық мұндай мерекелік шараларды да сағынып қалған сияқты. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!», -дейді қала тұрғыны Айнұр Омарова. [caption id="attachment_188825" align="alignnone" width="1200"]наурыз ©Айтжан Мурзанов[/caption] Мереке Алматы қаласында 21-22 наурыз күндері қатарынан екі күн тойланады деп жоспарланған. Бүгіннің өзінде қаладағы барлық аудандарда түрлі мерекелік іс-шаралар өтуде. Қалалық әкімдіктің берген мәліметінше, осы мерекеде 80-нен астам түрлі шара өтеді. [caption id="attachment_188826" align="alignnone" width="1200"]наурыз ©Айтжан Мурзанов[/caption] Оның ішінде түрлі ұлттық салт-дәстүрден көріністер, арқан тарту, қол күрес, сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, суретшілердің көрмесі, танымал өнер ұжымдары мен жекелеген әншілердің орындауында концерттік бағдарламалар қамтылған. [caption id="attachment_188827" align="alignnone" width="1200"]наурыз ©Айтжан Мурзанов[/caption] Биылғы Наурыз тойы ертең де Алматының Түрсіб, Жетісу ауадандарында жалғасын табады. Ол жақтарда ертең «Көктем шақырады» аттй кең көлемдегі меркелік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Нұрболат Адырбек, Алматы