Павлодардағы электролиз зауытында өрт шықты
Павлодардағы электролиз зауытында өрт шықты
©khabar.kz

Павлодардағы Қазақстан электролиз зауытында өрт шықты. Газ құбыры жүйесінде температураның көтерілуі салдарынан түтіндеп, оның соңы өртке айналды. Бұл туралы өнеркәсіптік компания әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.

«20 наурызда Қазақстан электролиз зауытының электродтар шығаратын цехының газ тазалау жүйесінде өрт шықты. Газ құбыры жүйесінде температура көтеріліп, оның соңы өртке ұласқан», – деп хабарлады «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ. «ҚЭЗ» АҚ хабарлауынша, келген өрт сөндіру қызметі жалынды ауыздықтады. Барлық қызметкерлер өрт орнынан тез арада эвакуацияланды.