Полицияға пранк жасаған жігіт қамауға алынды
Полицияға пранк жасаған жігіт қамауға алынды
Алматыда полицияның модульді пунктінде пранк жасаған жігіт қамауға алынды. Құқық бұзушының ұсталғаны туралы Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов Facebook парақшасына жазды. Оның айтуынша, пранк жасаған 1991 жылы туған К. есімді азамат ұсталып, Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізілген.
«Құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы – ұсақ бұзақылық бойынша жазаланады. Айту керек, бұл азамат бұрын да жоғарыда аталған бап бойынша жауапкершілікке тартылып, жазасын өтеген», – деді Рустам Абдрахманов.