Халқымды бір түн болса да бақытты еткім келеді – Украина боксшысы
Халқымды бір түн болса да бақытты еткім келеді – Украина боксшысы
Фото: sports.kz
152
оқылды
Украина боксшысы Олег Довгун кәсіпқой рингтегі 14-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті.   Хантингтон қаласында (АҚШ) өткен жекпе-жекте ол 29 жастағы бельгиялық Герам Елоянды төрешілер шешімімен жеңді – 96:94, 97:93, 94:96, – деп жазады sports.kz. Жекпе-жек екі боксшы үшін де қиын болды, бірақ 27 жастағы Олег Довгун шеберлік көрсетті және 10 раундтық жекпе-жектің қорытындысы бойынша лайықты түрде жеңіске қол жеткізді. Довгун жекпе-жек алдында Украинада болып жатқан қақтығыс үшін боксқа зейінін аудару қиын болғанын айтқан. "Қиын. Мен өз елімде не болып жатқанын ойламауға қанша  тырыссам да, ойымнан кетер емес. Мен жеңіске жетіп, адамдарды бір түн болса да бақытты еткім келеді. Мен украин халқы үшін, біздің бостандығымыз үшін күресемін. Мен Украинаға көмектесу үшін жекпе-жекке төленетін ақшаның бір бөлігін беремін", – деді боксшы.