Boeing 737 жолаушылар ұшағы құлаған жерден түсірілген кадрлар жарияланды
Boeing 737 жолаушылар ұшағы құлаған жерден түсірілген кадрлар жарияланды
164
оқылды

"360" телеарнасы Қытайдың оңтүстігінде China Eastern компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағының апатқа ұшыраған жерінен түсірілген кадрларды жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Куәгердің алыс қашықтықтан түсірген видеоларының бірінен әуе кемесі құлаған жерде пайда болған көк түтінді байқауға болады. Басқа кадрларда лайнердің сынықтары көрсетілген. ҚХР ұлттық теледидарының хабарлауынша, ұшақ Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында апатқа ұшыраған. Бортта 133 адам болған. Оқиға орнында орман өрті басталды.