22 наурызға арналған ауа райы болжамы
22 наурызға арналған ауа райы болжамы
© baq.kz
111
оқылды
«Қазгидромет» РМК 22 наурыз күнгі күн райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, 22 наурызда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығыс аймақтарында қар жауып, жаяу бұрқасын болады, оңтүстік жартысында жауын-шашын қар және жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болып, солтүстікте, батыста және шығыста жаяу бұрқасын соғады. Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде және таңертең батыста және оңтүстікте тұман түседі. Павлодар облысының күндіз және түнде оңтүстігінде, шығысында және орталығында жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, түнде облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде 25 м/с-ке дейін күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жаяу бұрқасын соғады, түнде батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, күндіз 15-20, солтүстігінде, орталығында екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болады, батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде өңірдің солтүстігінде және шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жел 15-20 метр жылдамдықпен соғып, кей уақыттарда 25 м/с-ке дейін күшейеді. Ақтөбе облысының түнде орталығында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады, орталығында жел күшейіп, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Қостанай облысының солтүстігінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болып, облыстың солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін. Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Түнде Атырау облысының шығысында және орталығында тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында тұман түсіп, көктайғақ болады.