Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасындағы жол жабылды
Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасындағы жол жабылды
© inform.kz
121
оқылды
Нұр-Сұлтаннан шығатын бірқатар жол жабылды. Ikomek жедел қызметінің мәліметінше, бүгін, 22 наурыз сағат 10.00-ден бастап «Екатеринбург - Алматы» тасжолының 1291-1426 шақырым аралығындағы учаскесі жабылады. Бұл – Нұр-Сұлтан қаласы мен Теміртаудың аралығын қамтитын автожол. Жолдың жабылуына ауа райының бұзылуы, боран мен жолдың көрінбеуі себеп болған. Кешеден бері Нұр-Сұлтан-Щучинск және Нұр-Сұлтан-Атбасар жолдары жабылған болатын.