Қытайдың оңтүстігінде болған ұшақ апатынан қаза болған жолаушылар арасында қазақстандықтар жоқ, – деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.
«Алдын ала мәлімет бойынша аталған ұшақтағы жолаушылар арасында біздің елдің азаматтары болмаған», - делінген мәліметте.Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиясында China Eastern Airlines әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 132 адам болды. Олардың 123-і – жолаушы, 9-ы – экипаж мүшесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.