Алматы облысында таулы жерде қалып қойған 52 адам эвакуацияланды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
"Алматы облысының құтқарушылары таулы аймақта бұзылып қалған автобус жолаушыларын эвакуациялады, онда 52 адам болған", – делінген хабарламада.
Автобус Еңбекшіқазақ ауданының Нұра ауылынан 25 шақырымдағы Көкпекті асуы маңында Бұғыты тауында бұзылған.
Туристердің барлығы Алматы тұрғындары. Олар ең жақын елді-мекенге жеткізілді. Эвакуацияланған адамдар ол арадан жолай ұстаған көліктермен Алматыға жетіп алды.