Елордада боранға байланысты қала маңына қатынайтын автобустар тоқтап қалды

Елордада боранға байланысты қала маңына қатынайтын автобустар тоқтап қалды

Нұр-Сұлтанда ауа райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын кей автобустар тоқтады. 

Cіty Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, қала маңына қатынайтын № 315, 316 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылған. Өзге бағдарлар линияда жүр. Айта кетейік, ауа райына байланысты Нұр-Сұлтан-Теміртау тасжолы жабылған болатын.