Головкин өзінің мансабына байланысты маңызды мәлімдеме жасады
Головкин өзінің мансабына байланысты маңызды мәлімдеме жасады
© inform.kz
245
оқылды
Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) кәсіпқой бокстағы болашағына байланысты пікір білдірді, – деп жазады The Sun басылымы.  39 жастағы боксшы бұл мәлімдемесінде мансабын аяқтамайтыны туралы айтты.
"Шаршы алаңға шыққан әр сәтіме қуаныштымын. Мен әлі тыңмын. Күшім бар. Сондықтан мен ары қарай мансабымды жалғастыра беремін. Жанкүйерлерге жақсы бокс көрсетіп, қарсыласты жеңуге қауқарым әлі жетеді", – деді қазақстандық боксшы.
Еске салайық, Головкин келесі кездесуін 9 сәуір күні өткізеді. Жапонияның Сайтама қаласында өтетін жекпе-жекте отандасымыздың қарсыласы WBA белбеуінің иегері Риота Мурата (16-2, 13 КО) болады.