ЖЭО-2-де құлаған құбыр астынан машинистің денесі табылды. Қаза тапқан адам 1984 жылы туған әйел болып шықты. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау басқармасы, сондай-ақ, СҚО ТЖД қызметкерлері растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"22 наурызда сағат 10.32-де құрылыс конструкциясы үйінділері астынан әйелдің жансыз денесі табылды. 00.05-те мәйіт үйінді астынан шығарылып, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін жіберілді", - деді СҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілі.СҚО Төтенше жағдайлар департаменті өкілі екі тәуліктен аса уақыт бойы машинисті іздестіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.