"Канело" қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
"Канело" қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
199
оқылды
Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО) қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Мексикалық боксшының құттықтауын Suleimen Promotions компаниясы жариялады. Видеода суперорта салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) да бар.
«Қазақстан халқы, Наурыз құтты болсын! Бар жақсылықты тілеймін!» - дейді мексикалық.
Айта кетейік, Сауль Альварес — бірнеше салмақта өнер көрсететін мексикалық кәсіпқой боксшы. The Ring журналының таңдауы бойынша үздік боксшы және жыл боксшысы атанған. Кәсіпқойлар арасында екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы, жартылай орта салмақта WBC нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы, WBC, WBA, WBO және The Ring тұжырымдары бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы, WBC, WBA Super, IBF және The Ring тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.