Алматылықтарға ескерту жасалды
Алматылықтарға ескерту жасалды
23 наурызда синоптиктер Алматы қаласында және таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі, көктайғақ болады деп күтілетінін хабарлайды. Осыған орай Алматы ТЖД қалалықтарға ескерту жасады.
Атап айтқанда, Алматы қалалық ТЖД автокөлік иелеріне көліктерді ағаштардың астына, электр желілерінің және басқа да ілініп тұрған құрылымдардың астына қоймауға кеңес береді. Одан бөлек:
  • қар мен көктайғақ кезінде мейілінше көліктің басқа түрін пайдаланған жөн, өйткені мұндайда жүргізушінің көлікті басқару қабілеті нашарлайды, жол апатына жол беру қаупі артады;
  • көшені жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындар арқылы кесіп өту керек;
  • жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б.) алаңдамаңыз;
  • есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйіңіздің кіреберісі - адамдар жиі жарақат алып, құлайтын жерлер болып табылады.